
Ағымдағы жылдың 5 наурызында Бородулиха ауданының жаңадан құрылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті Қоғамдық кеңестің құрамына 13 мүше кірдіолар азаматтық қоғамның мемлекеттік құрылымдардың ауыл шаруашылығы кәсіпкерлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Отырысты Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Ильяшева Гүлмира Бақдәулетқызы ашты Күн тәртібіне сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан төраға болып Урашева Сәуле Тұрсынқызын сайлады Сондай-ақ, Төралқа сайланды, Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған ережесі мен жұмыс жоспары бекітілді Отырыс соңында Сәуле Тұрсынқызы жаңадан сайланған Қоғамдық кеңес мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, өткен шақырылымдағы Қоғамдық кеңес мүшелеріне адал еңбегі және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті