
2024 жылғы 5 желтоқсанда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясының депутаты Урашева Сәуле Тұрсынқызы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясын өткізді.
Сессия жұмысына онлайн режимде: Ибраев Айдар Маратұлы - Бородулиха ауданының әкімі, Ерсаинов Әсет Ерсаинұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, Байболова Альмира Қадырбайқызы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес сессия жұмысы шеңберінде «Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2-VIII «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы», «Бородулиха ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәсе