
Бородулиха ауданы мен облысқа еңбегі сіңген ардагер мемлекеттік қызметшіге аудан мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы және Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жұмабайұлы Селихановпен аудан әкімінің Құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты. 40 жылдан астам ауданда қаржылық бақылау, ауылшаруашылығы саласында аянбай қызмет атқарған Досымбек Елубайұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әдемі қарттық тіледі.