03 ақпан күні Абай облысы "AMANAT" партиясы төрағалығыммен Абай облысының әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиын отырысы өтті. Жиынға қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәслихат төрағалары, фракция жетекшілері мен аумақтық филиалдардың атқарушы хатшылары және әлеуметтік салаға жауапты үш басқарма басшылары қатысты. Жиынның басты мақсаты - алдағы кезеңде бірлесе атқарылатын жұмыстарды жүйелеу, мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, шешу жолдарын іздеу.