Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев Егемен Қазақстан газеті тілшісіне берген сұхбатында еліміздегі өзекті мәселерді қозғады. «Мен азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын». Президент сұхбатында осылай деді. Мемлекет басшысы жақында несие нарығын реттеу саясаты өзгеретінін айтты. Соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын талап бес есе күшейгенін және қазір борышкер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленгенін айтты. Елдің экономикалық дамуының бағдарын жоспарлауы және күнделікті тұрғындар арасындағы несие тұрғысындағы мәлелелердің дұрыс жолға қойылуын назардан тыс қалдырмауы өте дұрыс. Президентіміздің саясатын қолдап ,сауатты болсақ еліміздің жарқын болашағына үміт зор!