Президент Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» басылымына берген сұхбатында Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Сондағы айтылған барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қаблыдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болу керек деген, олар «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс деген қағидатты толық қолдаймын!