Елдің даму бағытының көптеген саласын қамтыған биылғы Жолдау алдыңғы Жолдаулардың сабақтасы болды деуге болады.

Елдің даму бағытының көптеген саласын қамтыған биылғы Жолдау алдыңғы Жолдаулардың сабақтасы болды деуге болады.

Әсіресе білім беру саласында жылдағыдай оң өзгерістер күтуде. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет.» -деген болатын. Кәсіби білікті ұстаз ұлт болашағын дұрыс бағытта тәрбиелеп өсіреді деп есептеймін. Ауылдық елді мекендерде заманауи технологияны, робототехниканы игеріп, үйреніп жүр. Дегенмен жоғары жылдамдықты интернет желісі күш салуды талап етеді. Осы орайда да ел Президенті «Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт»-деді. Алдағы күннен үміт зор. Білімді ұрпақ өсіру үшін мектептеріміз бен ұстаздарымызға барлық жағдай жасалуы керек деп есептеймін.