
Бұл мерекенің барлық қазақстандық үшін маңызы ерекше.
Өйткені, Ата заңымыз - елдік пен егемендіктің алтын діңгегі, өрлеу мен жаңғыруға жол бастаған еліміздің басты құжаты.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұйытқы болуымен Конституцияның үштен бір бөлігі жаңарып, негізгі саяси институттар қайта түледі. Бұл қадам бірінші кезекте әділетті мемлекет құруға бағытталып отыр. Осылайша ел дамуының жаңа дәуірі басталды деуге болады. Осы жолды елімізге бақ-береке, әр шаңыраққа шаттық тілеймін!
Бірлігіміз нығайып, табысымыз арта берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
аудандық мәслихат
төрағасы С.Урашева