23 тамыз күні «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезекті VIII конференциясы өтті.

23 тамыз күні «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының кезекті VIII конференциясы өтті.

Партиялықтар 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сондай-ақ партияның қалалық, аудандық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды.
Іс-шараға өңірдегі Саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Мәселен, өткен екі жылда партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Абай облысының аумағында 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға 905 пәтер табысталды, 20 мыңға жуық жұмыс орны және 4 жаңа мектеп ашылды, радионуклидтік терапия бөлімшесі бар бірегей Ядролық медицина орталығы қолданысқа берілді.
Жиын барысында Орталық Партия аппаратының келісімімен облыстық филиалдың атқарушы хатшысы болып Сеилбек Абиурұлы Ысқақов тағайындалды. Сеилбек Абиурұлы көп жылдар бойы мемлекеттік қызмет атқарған. Аягөз ауданының әкім орынбасары, аудандық мәслихаттың хатшысы қызметтерін, тағайындауға дейін Аягөз ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Сондай-ақ конференция шешімімен партияның аудандық және облыстық филиалдарындағы Саяси кеңестердің жаңа құрамы бекітілді. Осылайша, партияның өңірдегі 1 қалалық және 9 аудандық филиалдарындағы Саяси кеңестердің құрамына барлығы 132 адам кірді. Айта кетейік, биыл бұл құрамның тең жартысынан астамы, яғни 55%-ы қайта жаңарды. Оның ішінде, жастар – 27%-ды, әйелдер – 42%-ды құрады.
Есептік-сайлау конференциясында сонымен қатар партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысына тоқталып өттім. Мәселен, «Жер аманаты» комиссиясының жұмысы жалғасып жатыр. Биыл біз 250 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде оның 112 мың гектары қайтарылды. Ал «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жоғары оқу орындарының ерекше қажеттілігі бар 8 түлегі жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар партиялық бақылау да белсенді жұмыс істеуде. Мәселен, 30 наурыз бен 1 тамыз аралығында азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар бағасына мониторинг жасалып, 700-ге жуық рейд жүргізілді.