САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ САПАЛЫ ІСКЕ АСЫРУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ САПАЛЫ ІСКЕ АСЫРУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

2023 жылғы 3 сәуірде «AMANAT» партиясының облыстық филиалында аумақтық партия филиалдарының төрағаларымен,атқарушы хатшыларының қатысуымен отырыс өтті. Отырыс барысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық, аудандық, қалалық Жол карталарының орындалу барысын қарастырдық. Сондай-ақ сайлау кезеңінде түскен ұсыныстар мен талап-тілектер назардан тыс қалып отырған жоқ. Туындаған проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу үшін бірқатар тапсырмалар берілді. Партияның облыстық филиалы өз кезегінде барлық сайлауалды уәделердің уақытылы орындалуын бақылауды күшейтеді. Себебі сайлауалды бағдарламаны сапалы іске асыру – біздің ортақ міндетіміз.

#AMANAT