VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының НАЗАРЫНА

VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының  НАЗАРЫНА

VII шақырылған Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XXV сессиясы 2022 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11:00-де аудан әкімдігінің үлкен залында (Тәуелсіздік көшесі, 69) өтеді.

Сессияның ұсынылатын күн тәртібі:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы. Баяндамашы: Гульмира Жанабайқызы Омарова – «Абай облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының м.а.
  2.  Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының есебі. Баяндамашы: Майжанов Уәлихан Төкенұлы – аудандық мәслихатының хатшысы.
  3.  Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру барысы туралы. Баяндамашы: Айсұлу Сабырханқызы Кубаева – «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы.
  4.  Депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп. Баяндамашы: Виктория Анатольевна Мокроусова – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
  5.  Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  6. Әртүрлі

 

Бородулиха

аудандық мәслихат

хатшысы                                                                       У. Майжанов