Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат хатшысы
|
|
У. Майжанов
|
Бородулиха ауданының
Құрмет грамотасымен наградтау туралы
ереже
- Осы Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін регламенттейді.
- Құрмет грамотасы қоғам мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін моральдық көтермелеудің нысаны болып табылады.
- Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
- Құрмет грамотасын Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Бородулиха ауданының әкімі немесе Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы тапсырады.
- Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатқа еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, саяси партиялар, заңды тұлғалар, өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық мүдделерді білдіретін бастамашыл топтар бастамашы бола алады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.
- Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.
Бородулиха ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.
- Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
- Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
- Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
- Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.
- Қолдаухатта кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, айы, жылы;
2) білімі туралы мәліметтер;
3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;
4) еңбек қызметінің мәліметтері;
5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;
6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.
Сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірмесі қоса беріледі және Комиссияның қарауына жіберіледі.
- Құрмет грамотасымен:
1) Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар марапаттала алмайды.
- Құрмет грамотасы:
1) сәйкесінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;
2) Бородулиха ауданының әкімі және Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы қол қояды;
3) Бородулиха ауданының әкімі, Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы немесе олардың уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.
- Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда төлнұсқасы берілмейді.
- Құрмет грамотасының бланкілері мен оның папкасын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.