
Кездесу барысында Айтуған Ғабдолғазизұлы жиналғандарды алдағы референдум туралы хабардар етіп, еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Ол Подборный ауылдық округінің тұрғындары республикалық референдумға белсенді түрде қатысып, 5 маусымда өз сайлау учаскелеріне келіп, дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.