
Бүгін Бородулиха аудандық мәслихатының «Amanat» партиясының депутаты Виталий Сергеевич Лагус «Ә.Бөкейхан атындағы қазақ мектебі» КММ-нің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Виталий Сергеевич жиналғандарды ағымдағы жылдың 5 маусымына белгіленген алдағы референдум туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, Сайлау учаскесіне келіп өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп және тарихи таңдау жасап, Елбасы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын қолдау қажеттігіне тоқталды.