
Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Урашева Сәуле Тұрсынқызы аудандық «AMANAT» филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Бородулиха ауылының Қазақстан көшесінде тұратын тұрғындар жүгінді. Аталған көшеде 2023–2024 жылдары салынған электр беру желілері орналасқан. Қабылдау кезінде Қазақстан көшесінің тұрғындарының электр энергиясы үшін төлем жасау мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта электр энергиясына қызмет көрсету және төлем жасау бойынша тұрғындармен келісімшарттар жасалмаған, соған байланысты электр энергиясын тұтынғаны үшін төлем жүргізілмей отыр. Алайда тұрғындар бұл үйлерде 2025 жылдың қаңтар айынан бастап тұрып келеді.
Сондай-ақ Бородулиха ауылының бір тұрғыны жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінді.
Бірінші мәселе бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданды. Екінші мәселе — жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін тапты.