Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы кезекті XXXI сессиясы

Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы кезекті XXXI сессиясы

Бородулиха аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өтті
2025 жылғы 28 наурызда Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы-Урашева Сәуле Тұрсынқызы VIII шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясын өткізді.
Сессия жұмысына: Давыдович Олег Олегович – Абай облыстық мәслихатының депутаты, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Онлайн режимде Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Гүлжан Сапарбекқызы Саденова қатысты.
Аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері, жұртшылық өкілдері, ауданның қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессия барысында Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары - Марат Қапарұлы Теміржанов «2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» есеппен сөз сөйледі. «Бородулиха ауданының 2024 жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы» Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы мәселе бойынша Абай облысы Тексеру комиссиясының өкілі – Гүлжан Сапарбекқызы Саденова сөз сөйледі.
Сондай-ақ сессия отырысының күн тәртібінде   «Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді бекіту туралы», «Бородулиха ауданының полиция бөлімінің құқық қорғау қызметі, қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күресті күшейту саласындағы жұмысы туралы», «Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» мәселелер қаралып, «2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылға жоспарланған жұмыстар туралы» Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының ақпараты тыңдалды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың шешімдері қабылданып, тиісті ұсынымдар берілді.