Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы  

Бородулиха аудандық мәслихатының

2026 жылғы 13 ақпандағы № 44-3-VIII шешімі

 

Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

               «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  27-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
  • Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-4-VIII «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 361-18 болып тіркелген) шешімі;
  • Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 31-8-VIII «Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы  № 23-4-VIII «Бородулиха ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 432-18 болып тіркелген) шешімі.
  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат төрағасы                                    С. Урашева                                          

Дата публикации
10 марта 2026