«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Бородулиха ауылы 2026 жылғы 5 қантар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-02/55 өкімімен құрылған жұмыс тобы комиссия құрамы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізді.
Ішкі талдау Аппаратының 2025 жылғы 1 шілде 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.
Жұмыс тобының жетекшісі – Гүлжан Тюлегенқызы Ибраева, Аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Елена Викторовна Щербакова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Жанар Қабдылханқызы Жақсылықова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Талдау мақсаты – Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою.
Сараптаманың міндеті – Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың зардаптарын жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ауданының мәслихат штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1 - аудандық маслихат төрағасы және 5- мемлекеттік қызметкерлер, факт бойынша 1- аудандық маслихат төрағасы, 3 - мемлекеттік қызметкерлер, 1 - 2025 жылғы 16 қазаннан бастап 2025 жылғы 4 шілдеге дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста), 1-бос жұмыс орны
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлердің саны 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 4 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста, 2 бос жұмыс орны (аудандық Қоғамдық кенесінің хатшысы, аудандық мәслихат аппаратының мұрағатшысы). Шарт бойынша бір қызметкер – аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.
2025 жылдың 2 тоқсанында кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- 3 штаттан тыс қызметкерлер жұмысқа қабылданған.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер – 4 (мұрағатшы 2025 жылғы 2 қыркүйекте өз еркімен, ЖОО-ға түсуіне байланысты жұмыстан шығарылды, Қоғамдық кеңестің хатшысы 2025 жылғы 4 қарашада жұмыстан босатылды, басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты, басшының хатшысы 2025 жылғы 1 желтоқсанда өз еркімен жұмыстан босатылды, аударма редакторы 2025 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан шығарылды негізгі қызметкердің 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстан жұмысқа шығуына байланысты).
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
2025 жылдың 2 жартыжылдығында аппаратқа 4 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде заңды тұлғалардан –3, жеке тұлғалардан – 1.
2024 жылдың осы кезеңінде 6 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 4, заңды тұлғалардан – 2.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025 жылда лауазымын төмендету, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан босату түріндегі жазалар болған жоқ.
Аппараттың барлық қызметкерлері мәслихат төрағасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 01-02/09 өкімімен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 2025 жылдың 2 жартыжылдығында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан аппараттың мемлекеттік қызметшілері курстарынан өткен жоқ.
2025 жылдың 2 жартыжылдығында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталуына байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану фактілері және 2025 жылдың 2 жартыжылдығындағы басқа да фактілер тіркелген жоқ.
2025 жылдың 2 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2025 жылдың 2 жартыжылдығында штаттан тыс қызметкерлер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2025 жылдың 2 жартыжылдығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар.
2025 жылдың 2 жартыжылдығында аппаратта барлығы 18 Мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 3 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз өткізілді;
- тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 4 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз жүргізілді;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 4 бұзушылықсыз өткізілді;
- электрондық дүкені – 7 бұзушылықсыз өткізілді;
- 0 – негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Аппарат мемлекеттік қызметті қамтамасыз етпейді.
Рұқсат етуші функцияларды орындау.
Аппарат руқсат етуші функцияларын орындамайды.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Аппарат бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
С.Т. Урашеваның «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихатының аппараты» ММ ақпараттық стендке тапсырыс беру үшін Семей қаласына іссапар, 2025 жылғы 9 шілдедегі № 01-03/41 өкім.
2025 жылғы 11-13 шілде аралығында «Көркем өлке-Көкпекті» спорттық-мәдени фестиваліне қатысу үшін Абай облысының Көкпекті ауылына С.Т. Урашеваның іссапары, 2025 жылғы 10 шілдедегі № 01-03/42 өкім.
2025 жылғы 11-13 шілде аралығында Абай облысы Көкпекті ауылына Ж.Ж. Шаукеновтың іссапары, 2025 жылғы 10 шілдедегі № 01-03/43 өкім.
2025 жылғы 1-11 тамыз аралығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды дайындауға және өткізуге Абай облысы Қарауыл ауылына С.Т. Урашеваның іссапары, 2025 жылғы 28 шілдедегі № 01-03/45 өкім.
2025 жылғы 1-11 тамыз аралығында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларды дайындауға және өткізуге Абай облысы Қарауыл ауылына Е.В. Щербакованың іссапары,2025 жылғы 28 шілдедегі № 01-03/46 өкім.
2025 жылғы 8-11 тамыз аралығында Абай облысы Қарауыл ауылына Ж.Ж. Шаукеновтың іссапары, 2025 жылғы 28 шілдедегі № 01-03/47 өкім.
2025 жылғы 9-10 қыркүйек аралығында«AMANAT» партиясының XIII конференциясына қатысу үшін С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 01-03/52 өкім.
2025 жылғы 21-28 қыркүйек аралығында «Мемлекеттік және жергілікті басқару институты» коммерциялық емес білім беру мекемесіне С.Т. Урашеваның Алматы қаласына іссапары, 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-03/53 өкім.
2025 жылғы 13-14 қазан аралығында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі кеңеске қатысу үшін Семей қаласына Г.Т. Ибраеваның іссапары, 2025 жылғы 10 қазандағы № 01-03/58 өкім.
2025 жылғы 14-17 қазан аралығында Қазақстанның «Әділ Қазақстан: Азаматтық қоғам және мемлекеттік ынтымақтастық» XII азаматтық форумына қатысу үшін С.Т. Урашеваның Астана қаласына іссапары, 2025 жылғы 10 қазандағы № 01-03/59 бекіту.
2025 жылғы 12-13 қазан аралығында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жөніндегі кеңеске қатысу үшін С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 10 қазандағы № 01-03/60 өкім.
2025 жылғы 19-25 қазан аралығында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ тағылымдамадан өту үшін Ж.Қ. Жақсылықованың Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 17 қазандағы № 01-03/62 өкім.
2025 жылғы 20-22 қазан аралығында «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» С.Т. Урашеваның Павлодар қаласына іссапары, 2025 жылғы 20 қазандағы № 01-03/63 өкім.
2025 жылғы 4-6 қараша аралығында Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді оқыту жөніндегі семинар-кеңеске қатысу үшін Т.К. Құсманованың Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 3 қарашадағы № 01-03/65 өкім.
2025 жылғы 7-8 қараша аралығында мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысу үшін Г.Т. Ибраеваның Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 6 қарашадағы № 01-03/66 өкім.
2025 жылғы 7-8 қараша аралығында мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысу үшін Е.В. Щербакованың Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 6 қарашадағы № 01-03/67 өкім.
2025 жылғы 7-8 қараша аралығында мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысу үшін Ж.Қ. Жақсылықованың Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 6 қарашадағы № 01-03/68 өкім.
2025 жылғы 8-22 қараша аралығында Азаматтық қорғау саласында оқу үшін С.Т. Урашеваның Алматы қаласына іссапары, 2025 жылғы 6 қарашадағы № 01-03/69 өкім.
2025 жылғы 23-24 желтоқсан аралығында Кеңеске қатысу үшін С. Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-03/73 өкім.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамамен танысты:
Ибраева Г.Т. - Аппарат басшысы _______________
(қолы, күні)
Щербакова Е.В. - Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы ________ (қолы, күні)
Жаксылыкова Ж.Ж. Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы
___________
(қолы, күні)