Тематикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторинг нәтижелері
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Қаралып отырған кезеңде «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ 4 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан – 1. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде 6 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан – 4, жеке тұлғалардан - 2.
Ауданының мәслихат штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1 - аудандық маслихат төрағасы және 5- мемлекеттік қызметкерлер, факт бойынша 1- аудандық маслихат төрағасы, 3 - мемлекеттік қызметкерлер, 1 - 2025 жылғы 16 қазаннан бастап 2025 жылғы 4 шілдеге дейін 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста), 1-бос жұмыс орны
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлердің саны 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 4 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста, 2 бос жұмыс орны (аудандық Қоғамдық кенесінің хатшысы, аудандық мәслихат аппаратының мұрағатшысы). Шарт бойынша бір қызметкер – аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.
2025 жылдың 2 тоқсанында кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- 3 штаттан тыс қызметкерлер жұмысқа қабылданған.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер – 4 (мұрағатшы 2025 жылғы 2 қыркүйекте өз еркімен, ЖОО-ға түсуіне байланысты жұмыстан шығарылды, Қоғамдық кеңестің хатшысы 2025 жылғы 4 қарашада жұмыстан босатылды, басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты, басшының хатшысы 2025 жылғы 1 желтоқсанда өз еркімен жұмыстан босатылды, аударма редакторы 2025 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан шығарылды негізгі қызметкердің 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстан жұмысқа шығуына байланысты).
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат аппаратында 2025 жылдың 2 жартыжылдығында аппаратта барлығы 18 Мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 3 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз өткізілді;
- тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 4 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз жүргізілді;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 4 бұзушылықсыз өткізілді;
- электрондық дүкені – 7 бұзушылықсыз өткізілді;
- 0 – негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
«Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты» ММ қызметін бағалау: жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған фактілер жоқ.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде 2026 жылдың 5 қантарда «Абай облысы Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілсін.
Жұмыс тобының жетекшісі: Г. Ибраева
Жұмыс тобының мүшелері: Е. Щербакова
Ж. Жаксылыкова