Депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі туралы

Депутаттық өкілеттік және этика,

білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі,

әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және

бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша

тұрақты комиссияның есебі туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы В.А. Мокроусованың «Депутаттық өкілеттік және этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша тұрақты комиссияның жұмысы туралы» есебі бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы В.А. Мокроусоваға:

1) тұрақты комиссияның әрбір мүшелері өз міндеттерін бұдан әрі де белсенді түрде атқаруды жоғарылату;

2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды комиссия жұмысымен, депутаттық істер туралы мәліметтермен ақпараттандыру мәселелері бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                    С. Урашева

Дата публикации
29 декабря 2025