ЖОБА
Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Бородулиха ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша төлем көзінен ұстап қалынатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерін салық кезеңі бойынша алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 3 %-дан 2 %-ға дейін төмендету.
- Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-3-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 359-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева