Бородулиха ауданы Жезкент кентінің
және Ивановка ауылының көшелерін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Бородулиха ауданы Жезкент кентінің Советская көшесін Ордабасы көшесі, Новодворовка ауылдық округінің Ивановка ауылының 1 Мая көшесін Байтақ көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін.