Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы

Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен,

экология, қоршаған ортаны қорғау және

табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының «Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы» есебі бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына:

         1) комиссияның көшпелі отырыстарын, халықтың мүдделері мен проблемаларын зерделеу бойынша сауалнама жүргізуді практикаға енгізу;

2) мемлекеттік органдар басшыларының есептерін қарау практикасын жалғастыру;

         3) сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына енгізілетін мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысу;

         4) комиссия жұмысы туралы, өзінің депутаттық қызметі туралы халықты БАҚ арқылы тұрақты хабардар етуге міндетті.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат төрағасы                                      С. Урашева

Дата публикации
20 октября 2025