Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы ЕСЕП

Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы

ЕСЕП

 

Қайырлы күн құрметті Айдар Маратұлы, Сәуле Тұрсынқызы,

депутаттар және шақырылғандар!

 

 

Аудандық мәслихаттың агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына, аудандық мәслихаттың регламентіне, тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комиссия құрамында аудандық мәслихат депутаты - Құрамысов Мадижан Абайханович.

Комиссия жұмысы ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен, жер қатынастары бөлімімен, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен, басқа да мемлекеттік мекемелермен, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ауданның шаруашылық жүргізу субъектілерімен тығыз байланыста іске асырылады.

Өз қызметімізде ауданның жергілікті атқарушы органдарымен ғана емес, Қоғамдық кеңеспен, «AMANAT» партиясының аудандық филиалымен, аудан округтеріндегі қоғам өкілдерімен де өзара жұмыс жасаймыз.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары ретінде ауданның басқа ауыл шаруашылығы құрылымдарына кеңес, ұсыныстар түрінде көмек қажет болған жағдайда шығып,тәжірибе алмасып, сондай ақ, туындаған мәселелерді шешуге ат салысамыз.

Жыл сайын көктемгі дала жұмыстары басталар алдында тұрақты комиссияның отырыстарында ауыл шаруашылығы құрылымдарының маусымдық дала жұмыстарына дайындық барысының туралы мәселелері қаралып, талқыланады. Еесепті кезеңдегі отырыстарда қаралған  мәселелер:

- Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтерінің аумағында елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;

- ірі жем-шөп дайындау бойынша шабындық жұмыстарын өткізу қорытындылары және ауданның ауылдық округтерінде ІҚМ және ҰҚМ басының азаюына жол бермеу мақсатында жеке аулаларды қыста жеткілікті азықпен қамтамасыз ету туралы;

- Бородулиха ауданының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жерді тиімді пайдаланудың  шараларын іске асыру туралы.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін округ әкімдерінің ақпараты және «Бородулиха ауданының аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» ветеринария бөлімі басшысының есебі тыңдалатын болады.

Қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, нақты орындау мерзімдері белгіленеді. Аудандық мәслихат аппаратымен бірлесіп, олардың орындалуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

         Мәселен, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникасының, тұқымдардың дайындығына күнделікті мониторинг жүргізу, егіс науқанының барысын оңтайлы ғылыми негізделген мерзімде қадағалау ұсынылды.

Ауылдық және кенттік округтердің әкімдеріне ауданның елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру, санитарлық жай-күйді және тиісті эстетикалық көріністі қамтамасыз ету, елді мекендердің көшелерін көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын бақылау жөніндегі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, аумақтарды және жасыл желектерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.

«Ірі жем-шөп дайындау бойынша шабындық жұмыстарын өткізу қорытындылары туралы» есепті тыңдап, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына егін жинау жұмыстарының жоспарына сәйкес ірі және шоғырланған жемшөп дайындау бойынша жұмыстарды аяқтау ұсынылды.  Жеке аула шаруашылықтарында жетіспейтін жем-шөптің сатып алуының аяқталуын бақылауға алсын.

Жер қатынастары бөлімінің басшысына комиссия мүшелері жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға, бөлінген жер учаскелерінің пайдаланылуына тиімді бақылау жүргізуге ұсынылды. Бұл жұмыста жер инспекторымен, ауылдық округ әкімдерімен, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен, ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тығыз өзара жұмысқа баса назар аударылды.

         Аудандық мәслихат сессияларының отырыстарына, тұрақты комиссиялардың бірлескен және көшпелі отырыстарына қатысамыз.

Бюджет қаражатын нысаналы жұмсау мәселесі ерекше бақылауда тұр, оны қарау аудандық мәслихаттың барлық депутаттарының қатысуымен комиссиялардың бірлескен отырысында жүргізіледі.

Комиссия мүшелері кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды, есепті кездесулерге, халық жиындарына қатысады, ақпараттық-түсіндіру және мониторингтік топтардың құрамында жұмыстар жүргізеді.

Қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларға, қайырымдылық науқандарға қатысамыз. Сайлаушылардың бірде-бір өтініштерін, бұйымтайларын назардан тыс қалдырмауға тырысамыз.

Көпбалалы және мұқтаж отбасыларға киім, аяқ киім, азық-түлік және т. б. сатып алуға қол ұшын созамыз.

Ауылдарды абаттандыру мәселесін шешуге көмектесеміз.

Жолдарды тазалау және грейдерлеу жұмыстарының кейбір міндеттемелерді өзімізге аламыз, мұқтаж отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге қыста отын сатып алуға көмек көрсетеміз.

Жеңіс күні және қарттар күнін мерекелеу аясында жыл сайын тыл еңбеккерлерін, қарт азаматтарды, жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтай отырып, естелік сыйлықтар табыс етеміз.

         1 маусым- Балаларды қорғау күні көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды құттықтадық  .

«Баланы мектепке жинайық» науқаны аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кеңсе тауарларын, аяқ киім, спорттық және мектеп киімдерін сатып ала отырып,  демеушілік көмек көрсеттік.

 

 

 

Құрметті депутаттар, шақырылғандар!

 

Өз баяндамамды тәмәмдәй отырып, агроөнеркәсіптік кешені, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия бұдан әрі алдыға қойылған міндеттерді сапалы, кәсіби және адал орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтқым келеді!

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Тұрақты комиссияның төрағасы                                 А.Г.Кудушев  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 октября 2025