«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Бородулиха ауылы 2025 жылғы 1 шілде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-02/55 өкімімен құрылған жұмыс тобы комиссия құрамы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізді.
Ішкі талдау Аппаратының 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.
Жұмыс тобының жетекшісі – Гүлжан Тюлегенқызы Ибраева, Аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Елена Викторовна Щербакова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Жанар Қабдылханқызы Жақсылықова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Талдау мақсаты – Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою.
Сараптаманың міндеті – Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың зардаптарын жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аудандық мәслихатта штаттық қызметкерлердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1-мәслихат төрағасы және 5 мемлекеттік қызметші, факті бойынша-1 аудандық мәслихат төрағасы және 3-мемлекеттік қызметші, 1-2025 жылғы 1 сәуірден бастап 2025 жылғы 17 қыркүйекке дейін жүктілік және босану бойынша демалыста) (демалыссыз шықты 2025 жылғы 5 қаңтарда 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақыны сақтау), 1-бос жұмыс орны.
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлердің саны 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 3 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі 0,5 ставкада, қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына басқа органда лауазымымен қоса атқарған лауазымы бойынша, 1 бос жұмыс орны (Қоғамдық кеңестің хатшысы). Шарт бойынша бір қызметкер – аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.
2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші жүктілік және босану бойынша демалыста болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер-жоқ, 1 қызметкер мұрағатшы қызметінен 2025 жылғы 21 қаңтарда аппарат басшысының серкетері лауазымына ауыстырылды, 1 қызметкер 2025 жылғы 21 қаңтардан бастап мұрағатшы шарт бойынша қабылданды.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
2025 жылдың 1 жартыжылдығында аппаратқа 2 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде заңды тұлғалардан –1, жеке тұлғалардан – 1.
2024 жылдың осы кезеңінде 7 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 3, заңды тұлғалардан -4.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2025 жылда лауазымын төмендету, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан босату түріндегі жазалар болған жоқ. Аппарат статистикасына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды, аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 01-03/14 өкімі.
Аппараттың барлық қызметкерлері мәслихат төрағасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 01-02/09 өкімімен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспарыкестесіне сәйкес жүзеге асырылады 2025 жылдың 1 жартыжылдығында біліктілікті арттыру курсынан аппарат басшысы Гүлжан Төлегенқызы Ибраева 2025 жылдың 31 наурызы мен 2 сәуірі аралығында өтті, 2025 жылдың 12 наурызындағы № 01-03/11 өкім Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қайта даярлау курстарынан өткен жоқ
2025 жылдың 1 жартыжылдығында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталуына байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану фактілері және 2025 жылдың 1 жартыжылдығындағы басқа да фактілер тіркелген жоқ.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында штаттан тыс қызметкерлер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар.
2025 жылдың 1 жартыжылдығында аппаратта барлығы 22 Мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 4 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз өткізілді;
- тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 7 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз жүргізілді;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 11 бұзушылықсыз өткізілді;
- 0-негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Аппарат мемлекеттік қызметті қамтамасыз етпейді.
Рұқсат етуші функцияларды орындау.
Аппарат руқсат етуші функцияларын орындамайды.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Аппарат бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 9-11 қаңтар аралығында «Үздік мәслихаттар – жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бас институты» семинарына қатысу үшін Аягөз қаласына іссапары, 2025 жылғы 9 қаңтардағы № 01-03/03 өкім.
С.Т. Урашеваның Абай облысы ҚХА этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 01-03/05 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 10-14 ақпан аралығында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 10 ақпандағы № 01-03/09 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 17-18 ақпан аралығында Абай облысы әкімінің сайлауына қатысу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 17 ақпандағы № 01-03/10 өкім.
Г.Т. Ибраеваның Семей қаласына «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында «Сценарийлік жоспарлау: тәуекелдерді талдау және болжау» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинарына іссапары, 2025 жылғы 12 наурыздағы № 01-03/11 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 1-6 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару және жергілікті басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі: тарихы, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы кеңейтілген отырысына қатысу үшін Астана қаласына іссапары, 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 01-03/12 өкім.
2025 жылғы 12-20 сәуір аралығында «Этномедиацияның базалық негіздері» тақырыбында оқыту семинарына қатысу үшін С.Т. Урашеваның Қарағанды қаласына іссапары, 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 01-03/19 өкім.
2025 жылғы 24-26 сәуір аралығында концерттік іс-шараға қатысу үшін Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына С.Т. Урашеваның іссапары, 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 01-03/21 өкім.
Ж.Ж. Шаукеновтың Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына іссапары 2025 жылғы 24-26 сәуір аралығында қызметтік қажеттілік бойынша, 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 01-03/22 өкім.
С. Т. Урашеваның Семей қаласындағы «Senat Open» шахмат кубогының ІІ Ашық турниріне қатысуға іссапары 2025 жылғы 16-17 мамыр аралығында, 2025 жылғы 15 мамырдағы № 01-03/24 өкім.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына іссапары 2025 жылғы 30 мамырда Абай облысының білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ қамқорлығындағы Ларин Андрейді балаларды қорғау күнімен құттықтау және «Отбасы банкі» шотты толықтыру үшін, 2025 жылғы 30 мамырдағы № 01-03/27 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 3-4 маусым аралығында «AMANAT» партиясының ХІ конференциясына қатысу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 2 маусымдағы № 01-03/28 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 5-9 маусым аралығында «Асыл бесік-Ақсуат» өнер және спорт фестиваліне қатысу үшін Ақсуат ауданының Ақсуат ауылына іссапары, 2025 жылғы 3 маусымдағы № 01-03/29 өкім.
Ж.Ж. Шаукеновтың Ақсуат ауданының Ақсуат ауылына іссапары 2025 жылғы 5-9 маусым аралығында қызметтік қажеттілік бойынша, 2025 жылғы 3 маусымдағы № 01-03/30 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 17-19 маусым аралығында этномедиация бойынша облыстық семинар-тренингке қатысу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 16 маусымдағы № 01-03/33 өкім.
Ж.Ж. Шаукеновтың Семей қаласында қызметтік қажеттілік бойынша 2025 жылғы 17-19 маусым аралығында іссапар, 2025 жылғы 16 маусымдағы № 01-03/34 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 26-29 маусым аралығындағы Үржар ауданы Таскескен ауылындағы «Ауыл ел бесігі» мерекелік іс-шарасына іссапары, 2025 жылғы 25 маусымдағы № 01-03/35 өкім.
Ж.Ж. Шаукеновтың Үржар ауданы Таскескен ауылына іссапары 2025 жылғы 26-29 маусым аралығында қызметтік қажеттілік бойынша, 2025 жылғы 25 маусымдағы № 01-03/36 өкім.
Г.Т. Ибраеваның 2025 жылғы 27-28 маусым аралығында АІ Qyzmet бағдарламасы бойынша оқу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 26 маусымдағы № 01-03/37 өкім.
Е.В. Щербакованың 2025 жылғы 27-28 маусым аралығында АІ Qyzmet бағдарламасы бойынша оқу үшін Семей қаласына іссапары, 2025 жылғы 26 маусымдағы № 01-03/38 өкім.
С.Т. Урашеваның 2025 жылғы 11-13 шілде аралығында «Көркем өлке-Көкпекті» спорттық – мәдени фестиваліне қатысу үшін Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына іссапары, 2025 жылғы 10 шілдедегі № 01-03/42 өкім.
Ж.Ж. Шаукеновтың Көкпекті ауданының Көкпекті ауылына іссапары 2025 жылғы 11-13 шілде аралығында қызметтік қажеттілік бойынша, 2025 жылғы 10 шілдедегі № 01-03/43 өкім.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамамен танысты:
Ибраева Г.Т. - Аппарат басшысы __________
(қолы, күні)
Щербакова Е.В. - Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы ___________
(қолы, күні)
Жаксылыкова Ж.Ж. Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы ___________ (қолы, күні)