Тематикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері

Тематикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мониторинг нәтижелері

 

  1. Кіріспе бөлім
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ қызметі.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ жұмыс тобымен жүргізілді, Тәуелсіздік көшесі, 69 электрондық мекен-жайы: boromaslihat@mail.ru, телефон нөмірі: 2-14-41.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңдері: 2025 жылғы 28-30 маусым айы.
  5. Бақыланатын кезең: «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ 2025 жылғы 1 қантар – 30 маусым аралығындағы қызметі.
  6. Ақпараттық-талдау бөлімі

«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

Қаралып отырған кезеңде «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ 2 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 1, жеке тұлғалардан – 1. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде 7 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан - 4.

Ауданының мәслихат  штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1 - аудандық маслихат төрағасы және                                  5- мемлекеттік қызметкерлер, факт бойынша 1- аудандық маслихат төрағасы,                     3 - мемлекеттік қызметкерлер, 1 - 2025 жылғы 1 сәуірден бастап 2025 жылғы        17 қыркүйекке дейін жүктілік және босану бойынша демалыста (2025 жылғы              5 қаңтарда 3 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстан шыққан), 1-бос жұмыс орны.

Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлердің саны 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 3 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі 0,5 ставкада, қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына басқа органда лауазымымен қоса атқарған лауазымы бойынша, 1 бос жұмыс орны (Қоғамдық кеңестің хатшысы). Шарт бойынша бір қызметкер – аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.

2024 жылдың 1 тоқсанында кадрлардың ауысуы:

- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

1 мемлекеттік қызметші жүктілік және босану бойынша демалыста болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.

- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер-жоқ, 1 қызметкер мұрағатшы қызметінен 2025 жылғы 21 қаңтарда аппарат басшысының серкетері лауазымына ауыстырылды, 1 қызметкер 2025 жылғы 21 қаңтардан бастап мұрағатшы шарт бойынша қабылданды.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат аппаратында 2025 жылдың 1 жартыжылдығында 22 сатып алу өткізілді, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен –  4, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден –  7, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден – 11, конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып –  0,               сондай-ақ бұзушылықсыз өткізілді.

Тәуекелдер анықталған жоқ.

 

  • Қорытынды бөлім

«Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты» ММ қызметін бағалау:  жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған фактілер жоқ.

Қорытынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде 2025 жылдың 1 шілдеде «Абай облысы Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілсін.

 

Жұмыс тобының жетекшісі:                                      Г. Ибраева

Жұмыс тобының мүшелері:                                    Е. Щербакова

                                                                                  Ж. Жаксылыкова

 

Дата публикации
17 июля 2025