Бородулиха аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының «Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2024 жылғы 5 шілдедегі № 19-2-VIІI шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы
С. Урашева