й облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Бородулиха ауылы 2024 жылғы 30 желтоқсан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-02/55 өкімімен құрылған жұмыс тобы комиссия құрамы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізді.
Ішкі талдау Аппаратының 2024 жылғы 1 шілдеден 30 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.
Жұмыс тобының жетекшісі – Гүлжан Тюлегенқызы Ибраева, Аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Елена Викторовна Щербакова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Жанар Қабдылханқызы Жақсылықова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Талдау мақсаты – Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою.
Сараптаманың міндеті – Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың зардаптарын жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аудандық мәслихатта штаттық қызметкерлердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1-мәслихат төрағасы және 5 мемлекеттік қызметші, факті бойынша-1 аудандық мәслихат төрағасы және 3-мемлекеттік қызметші, 1-бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста, 1-вакансия. 1 қызметкер шарт бойынша аппарат статистигі болып вакансия орынына қабылданды.
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлер 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 4 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі аппарат статистикасы лауазымымен қоса атқаратын 0,5 ставкада, 1- бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста, 2 вакансия (Қоғамдық кеіесінің хатшысы, басшының хатшысы).
2024 жылғы 2 жартыжылдықтағы кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер - 3, оның ішінде 3 - өз қалауы бойынша. 2 штаттан тыс қызметкер жұмысқа қабылданды.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
2024 жылдың 2 жартыжылдығында аппаратқа 6 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде заңды тұлғалардан – 4, жеке тұлғалардан – 2.
2023 жылдың осы кезеңінде 7 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 4, заңды тұлғалардан - 3.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2024 жылда лауазымын төмендету, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан босату түріндегі жазалар болған жоқ.
Аппараттың барлық қызметкерлері мәслихат төрағасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 01-02/09 өкімімен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен жоқ.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталуына байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану фактілері және 2024 жылдың 2 жартыжылдығындағы басқа да фактілер тіркелген жоқ.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында штаттан тыс қызметкерлер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар.
2024 жылдың 2 жартыжылдығында аппаратта барлығы 13 Мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 4 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз өткізілді;
- тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 0 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз жүргізілді;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 8 бұзушылықсыз өткізілді;
- 1-негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Аппарат мемлекеттік қызметті қамтамасыз етпейді.
Рұқсат етуші функцияларды орындау.
Аппарат руқсат етуші функцияларын орындамайды.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Аппарат бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
С.Т. Урашеваның Ақсуат ауданының Ақсуат ауылына "Асыл бесік-Ақсуат" фестиваліне қатысу үшін 2024 жылғы 18-22 шілде аралығында іссапары, 2024 жылғы 17 шілдедегі № 01-03/34 өкімі.
Ж. Ж. Шаукеновтың Ақсуат ауданының Ақсуат ауылына қызметтік қажеттілік бойынша 2024 жылғы 18-22 шілде аралығында іссапары, 2024 жылғы 17 шілдедегі № 01-03/35 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі кездесуге қатысу үшін 2024 жылғы 30-31 шілде аралығында іссапары, 2024 жылғы 29 шілдедегі № 01-03/36 өкімі.
Ж.Ж. Шаукеновтың Семей қаласына қызметтік қажеттілігі бойынша 2024 жылғы 30-31 шілде аралығында іссапары, 2024 жылғы 29 шілдедегі № 01-03/37 өкімі.
А.Т. Ахмадиеваның Алматы қаласына "Senat Open" шахмат бойынша жартылай финалға қатысу үшін 2024 жылғы 15-19 тамыз аралығында іссапары, 2024 жылғы 13 тамыздағы № 01-03/39 өкімі.
С.Т. Урашеваның Алматы қаласына Мемлекеттік және жергілікті өзін – өзі басқару институтында "Тиімді жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру: Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясының стандарттарын және ЭЫДҰ-ға мүше дамыған мемлекеттердің тәжірибесін есепке алу" тақырыбындағы семинарға қатысу үшін 2024 жылғы 17-25 тамыз аралығында іссапары, 2024 жылғы 16 тамыздағы № 01-03-41 өкімі.
А.Т. Ахмадиеваның Астана қаласына "Senat Open" шахмат финалына қатысу үшін 2024 жылғы 30 тамыздан 1 қыркүйек аралығында іссапары, 2024 жылғы 26 тамыздағы № 01-03/43 өкімі.
С. Т. Урашеваның Алматы қаласына «Green Spaces Expo 2024» кәсіби көрмесі аясында өтіп жатқан Орталық Азия өсімдіктер питомниктері қауымдастығының екінші халықаралық конференциясына қатысу үшін 2024 жылғы 23-28 қыркүйек аралығында іссапары, 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-03-46 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына 2024 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен мәслихаттар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін мәслихаттар депутаттары мен аппарат қызметкерлерінің әдістемелік көмек көрсету және біліктілігін арттыру жөніндегі тренингке қатысу үшін 2024 жылғы 17-18 қыркүйектегі іссапары, 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-03-47 өкімі.
Ж.Ж. Шаукеновтың Семей қаласына қызметтік қажеттілігі бойынша 2024 жылғы 17-18 қыркүйек аралығында іссапары, 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 01-03/48 өкімі.
С.Т. Урашеваның Астана қаласына "AMANAT" партиясынан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумына қатысу үшін 2024 жылғы 1-5 қазан аралығында іссапары, 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 01-03-49 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жиналысқа қатысу үшін 2024 жылғы 31 қазан 1 қараша аралығында іссапары, 2024 жылғы 30 қазандағы № 01-03-54 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына "AMANAT" партиясының форумына қатысу үшін 2024 жылғы 12-13 қараша аралығында іссапары, 2024 жылғы 11 қарашадағы № 01-03-55 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған облыстық форумға қатысу үшін 2024 жылғы 21-22 қараша аралығында іссапары, 2024 жылғы 20 қарашадағы № 01-03-57 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына кеңеске қатысу үшін 2024 жылғы 2-3 желтоқсан аралығындағы іссапары, 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 01-03-58 өкімі.
Г.Т. Ибраеваның Семей қаласына кеңеске қатысу үшін 2024 жылғы 2-3 желтоқсан аралығында іссапары, 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №01-03/59 өкімі.
С.Т. Урашеваның Семей қаласына "AMANAT" партиясының кезектен тыс Х конференциясына қатысу үшін 2024 жылғы 26-27 желтоқсан аралығында іссапары, 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-03-60 өкімі.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамамен танысты:
Ибраева Г.Т. - Аппарат басшысы ________________ (қолы, күні)
Щербакова Е.В. - Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы ______________ (қолы, күні)
Жаксылыкова Ж.Ж. Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы ____________ (қолы, күні)