Тематикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мониторинг нәтижелері
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетпейді.
Қаралып отырған кезеңде «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ 6 өтініш түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан – 4, жеке тұлғалардан – 2. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 7 өтініш түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан - 4.
Ауданының мәслихат штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1- аудандық маслихат төрағасы және 5- мемлекеттік қызметкерлер, факт бойынша 1- аудандық маслихат төрағасы, 3 - мемлекеттік қызметкерлер, 1 -бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста, 1- вакансия.
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлердің саны 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 3 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына басқа органда лауазымымен қоса атқаратын 0,5 ставкада, 2 бос жұмыс орны (Қоғамдық кеңесінің хатшысы, басшының хатшысы). Шарт бойынша бір қызметкер - аппараттың статистигі, мемлекеттік қызметші-бухгалтердің бос орнында.
2024 жылдың 2 тоқсанында кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші бала күтімі бойынша демалыста.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстардың қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер - 3, оның ішінде 3 - өз қалауы бойынша. 2 штаттан тыс қызметкер жұмысқа қабылданды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес аудандық мәслихат аппаратында 2024 жылдың 2 жартыжылдығында 13 сатып алу өткізілді, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен – 4, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден – 0, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден – 8, конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісімді пайдалана отырып – 1, сондай-ақ бұзушылықсыз өткізілді.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
«Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының аппараты» ММ қызметін бағалау: жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған фактілер жоқ.
Қорытынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде 2024 жылдың 30 желтоқсанда «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізілсін.
Жұмыс тобының жетекшісі: Г. Ибраева
Жұмыс тобының мүшелері: Е. Щербакова
Ж. Жаксылыкова