Бородулиха аудандық мәслихатының
2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 20-2-VII
«Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені
қайта атау және бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ережедегі 2-тараудың 15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мәслихаттың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуін реттеу;
аудандық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау;
мәслихат қызметіне қатысты талдамалы және өзге де ақпаратты, материалдарды дайындау;
мәслихаттың мемлекеттік функцияларын іске асыруға бағытталған аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдерін ресімдеу және ұсыну және олардың құқықтық мониторингін жүргізу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссияларының актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында аудандық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға шығыстарды жоспарлау;
мәслихат сессияларын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтар қабылдауын, есептер және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыруға іс жүзінде көмек пен жәрдем көрсету, оларды қажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, мәслихатқа түсетін ақпараттарды жинақтау;
сессиялардың пленарлық отырыстарына, тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарына қатысу және мәслихат шешімдерінің жобаларын, тұрақты комиссияларының қаулыларын және уақытша комиссияларының қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
мәслихат регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинағын рәсімдеу;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалар, шешімдер, анықтамалар және басқа да құжаттар жобаларын дайындауды ұйымдастыру;
мәслихатқа түскен іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мәселелерін үйлестіру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, сұрау салуларын, ұсыныстарын, үн қосуларын, хабарлары мен петицияларын қарауға;
материалдарды ресімдеу, сақтау және уақтылы мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз ету;
аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге да функцияларды жүзеге асыру.»;
Ережедегі 3-тараудың 19-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«19. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері мен олар бойынша қабылданған шаралар туралы үнемі ақпарат мәслихатқа жіберіп отырады;
8) аудандық мәслихат аппаратының өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
9) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
11) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
12) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында, регламентте, мәслихат шешімінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды;
14) заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппаратының қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;
15) мәслихат аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығын иеленеді;
16) сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда мәслихат аппаратының мүддесін білдіру үшін сенімхаттар береді;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.
Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.».
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева