Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау бойынша конкурс жариялайды
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 қаулысына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы жұмыс тобымен 13 адам болып белгіленді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес Бородулиха аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлерге келесі талаптар қойылады:
Қоғамдық кенес мүшелігіне кандидат:
1) 1) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған;
3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі) және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
3) сотталғандығыныңың болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім береді.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 15 қаңтардан 29 қаңтар (қоса алғанда) аралығында көрсетілген мерзімде күн сайын сенбі және жексенбі күндерінен басқа Бородулиха а., Тәуелсіздік көш 69, 2 қабат, «Абай облысы Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ, 14 кабинеті мекенжайы бойынша сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзілісімен телефоны 872351 2-21-42, boromaslihat@mail.ru. электронды поштасы арқылы жүргізіледі.