БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСҚА БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ІРІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСҚА БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ІРІКТЕУ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Бородулиха аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 қаулысына сәйкес, Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды.

Бородулиха аудандық мәслихаты 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) азаматтардан Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштер қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау сенбі және жексенбі күндерінен басқа күн сайын,  жоғарыда көрсетілген мерзімде сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен Бородулиха а., Тәуелсіздік көшесі 69, 2 қабат, 14 кабинеті мекенжайы бойынша жұмыс телефоны 8723512-21-42, boromaslihat@mail.ru. электронды поштасы арқылы жүргізіледі.

 

Дата публикации
24 декабря 2024