БОРОДУЛИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Бородулиха аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 қаулысына сәйкес Бородулиха аудынының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 5 адамнан анықталды. Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауға тиіс. Жергілікті деңгейде жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Бородулиха аудандық мәслихаты 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобына кандидатуралар бойынша жазбаша нысанда мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсыныстар қабылдайды:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Құжаттарды қабылдау сенбі және жексенбі күндерінен басқа күн сайын, жоғарыда көрсетілген мерзімде сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен Бородулиха а., Тәуелсіздік көшесі 69, 2 қабат, 14 кабинеті мекенжайы бойынша жұмыс телефоны 8723512-21-42, boromaslihat@mail.ru. электронды поштасы арқылы жүргізіледі.