Бородулиха ауылы 2024 жылғы 1 шілде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі «Абай облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 01-02/55 өкімімен құрылған жұмыс тобы комиссия құрамы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізді.
Ішкі талдау Аппаратының 2024 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейінгі жұмыс кезеңін қамтиды.
Жұмыс тобының жетекшісі – Гүлжан Тюлегенқызы Ибраева, Аппарат басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Елена Викторовна Щербакова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
Жұмыс тобының мүшесі – Жанар Қабдылханқызы Жақсылықова, Аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Талдау мақсаты – Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және жою.
Сараптаманың міндеті – Аппаратта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, олардың зардаптарын жою.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аудандық мәслихатта штаттық қызметкерлердің жалпы саны – 6 адам, оның ішінде: 1-мәслихат төрағасы және 5 мемлекеттік қызметші, факті бойынша-1 аудандық мәслихат төрағасы және 3-мемлекеттік қызметші, 1-бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста, 1-вакансия. 1 қызметкер шарт бойынша аппарат статистигі болып вакансия орынына қабылданды.
Штат бойынша штаттан тыс жұмыскерлер 5, олардың бірі 0,25 ставкада, факті бойынша - 4 штаттан тыс жұмыскер, олардың бірі аппарат статистикасы лауазымымен қоса атқаратын 0,5 ставкада, 1- бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста.
2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы кадрлардың ауысуы:
- жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
1 мемлекеттік қызметші бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс қорытындысы бойынша кандидаттар жоқ.
- жұмыстан босатылған штаттан тыс қызметкерлер - 2, оның ішінде 2-өз қалауы бойынша. 2 штаттан тыс қызметкер жұмысқа қабылданды.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде кадрлардың ауысуы мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:
2024 жылдың 1 жартыжылдығында аппаратқа 7 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде заңды тұлғалардан – 3, жеке тұлғалардан – 4.
2023 жылдың осы кезеңінде 4 өтініш келіп түсті және қаралды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 3, заңды тұлғалардан -1.
Ұсыныс: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын қатаң сақтау.
Персоналды басқару қағидаларын талдау барысында, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
2024 жылда лауазымын төмендету, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымынан босату түріндегі жазалар болған жоқ.
Аппараттың барлық қызметкерлері мәслихат төрағасының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 01-02/09 өкімімен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспары-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында қайта даярлау курсын аппараттың ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы Ж.К. Жақсылықова 2024 жылдың 20 мамырынан 8 маусымына дейін, 2024 жылғы 15 мамырдағы №01-03/15 өкімінен өтті. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында еңбек тәртібін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтегі шектеулердің сақталуына байланысты бұзушылықтар, қызметкерлердің қызметін бағалау рәсімдеріне шағымдану, жаза қолдану фактілері және 2024 жылдың 1 жартыжылдығындағы басқа да фактілер тіркелген жоқ.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында штаттан тыс қызметкерлер арасында жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) фактілері болған жоқ.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар.
2024 жылдың 1 жартыжылдығында аппаратта барлығы 12 Мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
- баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 3 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз өткізілді;
- тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 1 мемлекеттік сатып алу бұзушылықсыз жүргізілді;
- өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 6 бұзушылықсыз өткізілді;
- 2-негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі.
Тәуекелдер анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Аппарат мемлекеттік қызметті қамтамасыз етпейді.
Рұқсат етуші функцияларды орындау.
Аппарат руқсат етуші функцияларын орындамайды.
Бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.
Аппарат бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелер.
С.Т. Урашеваның іссапары: Семей қ., Абай облстық мәслихатында бірлескен тырысына қатысу үшін, 2024 жылғы 1-2 ақпанда, 2024 жылғы 31 қантардағы № 01-03/03 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Астана қ., Қазақстан әйелдер форумына қатысу үшін, 2024 жылғы 4-8 наурызда, 2024 жылғы 4 наурыздағы № 01-03/06 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Семей қ., «Депутаттың қызметін саяси SMM-ілгерілету» көшпелі семинар-тренингіне қатысу үшін, 2024 жылғы 13-15 наурызда, 2024 жылғы 12 наурыздағы №01-03/07 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Семей қ., Абай облыстық мәслихат аппаратындағы жиналысқа қатысу үшін, 2024 жылғы 26-27 мамырда, 2024 жылғы 24 мамырдағы №01-03/17 өкімі.
Г.Т. Ибраеваның іссапары: Семей қ., Абай облыстық мәслихат аппаратындағы жиналысқа қатысу үшін, 2024 жылғы 26-27 мамырда, 2024 жылғы 24 мамырдағы №01-03/18 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Семей қ., Абай облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырысқа қатысу үшін, 2024 жылғы 6-7 маусымда, 2024 жылғы 4 маусымдағы № 01-03/20 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Абай ауданының Қарауыл ауылында Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 220 жыл толуына арналған іс-шараға қатысу үшін, 2024 жылғы 13-15 маусымда, 2024 жылғы 13 маусымдағы №01-03/24 өкімі.
Ж.Ж. Шаукеновтың іссапары: Абай ауданының Қарауыл ауылына қызметтік қажеттілік бойынша, 2024 жылғы 13-15 маусымда, 2024 жылғы 13 маусымдағы №01-03/25 өкімі.
С.Т. Урашеваның іссапары: Абай ауданының Қарауыл ауылында «Әйелдің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту» семинар-тренингке қатысу үшін, 2024 жылғы 20-21 маусымда, 2024 жылғы 18 маусымдағы №01-03/27 өкімі.
Ж.Ж. Шаукеновтың іссапары: Абай ауданының Қарауыл ауылына қызметтік қажеттілік бойынша, 2024 жылғы 20-21 маусымда, 2024 жылғы 18 маусымдағы №01-03/28 өкімі.
Г.Т. Ибраеваның іссапары: Семей қ. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Абай облысының Әділет департаменті» РММ тағылымдамадан өту үшін, 2024 жылғы 30 маусымнан 6 шілдеге дейін, 2024 жылғы 28 маусымдағы №01-03/30 өкімі.
Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аналитикалық анықтамамен танысты:
Ибраева Г.Т. - Аппарат басшысы __________
(қолы, күні)
Щербакова Е.В. - Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы ___________
(қолы, күні)
Жаксылыкова Ж.Ж. Аппараттың ұйымдастырушылық
-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы ___________
(қолы, күні)