Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 5756782,1 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 3068941 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 18914 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 445 мың теңге; трансферттер түсімі – 2668482,1 мың теңге; 2) шығындар – 5671137,7 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 649755 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 711868 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 62113 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 65005 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 65005 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 629115,6 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –629115,6 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі – 590908 мың теңге; қарыздарды өтеу – 133329 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 171536,6 мың теңге.»; 8-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2195127,5 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»; 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 48677,6 мың теңге сомасында көзделсін.»; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын: «12-1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға 483840 мың теңге сомасында кредиттер көзделсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева