Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5354824,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2661657 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 18914 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 445 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2673808,4 мың теңге;
2) шығындар – 5455145 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 44955 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 107068 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 62113 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -145275,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –145275,6 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 107068 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 133329 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 171536,6 мың теңге.»;
8-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2220334,4 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева