Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-19-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

«1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы  28 желтоқсандағы № 14-19-VIII шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Таврия ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 28877 мың теңге, соның ішінде:

салық түсімдері – 3159 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 25718 мың теңге;

2) шығындар – 29954,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1077,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                1077,5 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1077,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                     С. Урашева

Дата публикации
15 мая 2024