Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-17-VIІI «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы024-2026 годы»

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-17-VIІІ шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Подборный ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 183386 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 9705 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 мың теңге;

трансферттер түсімі – 173581 мың теңге;

2) шығындар – 187686,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4300,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  4300,7 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 4300,7 мың теңге.»;

5-тармақ жана редакцияда жазылсын:

«5. 2024 жылға арналған Подборный ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 51784 мың теңге сомасында көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                          С. Урашева

Дата публикации
15 мая 2024