Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 40748 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 10636 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 30112 мың теңге;
2) шығындар – 44230,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3482,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3482,2 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3482,2 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2024 жылға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 2000 мың теңге сомасында көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева