Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-14-VIII «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Новошульба ауылдық округінің бюджеті туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 14-14-VIII шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 271138 мың теңге, соның ішінде:

салық түсімдері – 19251 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 мың теңге;

трансферттер түсімі – 251787 мың теңге;

2) шығындар – 273959,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  – -2821,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                2821,6 мың теңге, соның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2821,6 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. 2024 жылға арналған Новошульба ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 8322 мың теңге сомасында көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                   С. Урашева

Дата публикации
15 мая 2024