Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 жылға арналған Құнарлы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 34474 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 7497 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 26977 мың теңге;
2) шығындар – 36475,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2001,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2001,5 мың теңге, соның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2001,5 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2024 жылға арналған Құнарлы ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен 1498 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы С. Урашева