Бородулиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы Аты-жөні

Дата публикации
15 апреля 2024