Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 5120049 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 2570509 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 7878 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; трансферттер түсімі – 2541662 мың теңге; 2) шығындар – 5211976,6 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 44955 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 107068 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 62113 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 136882,6 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 136882,6 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі – 107068 мың теңге; қарыздарды өтеу – 62211 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 92025,6 мың теңге.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева