«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10, 19-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 27-2-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған шешіміне «Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 3 округтік сайлау комиссиясының құрамы» № 3 қосымшада комиссия мүшесі болып сайлансын: Журина Айя Насирденовна – «ИСТОК» балалар мен жастардың шығармашылық орталығы» ҚБ; жоғарыда аталған шешіміне «Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 8 округтік сайлау комиссиясының құрамы» № 8 қосымшада комиссия мүшесі болып сайлансын: Урашев Дидар Серикбаевич – «AMANAT» партиясы» ҚБ.
- Осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихат төрағасы С. Урашева