Бородулиха аудандық мәслихат төрағасының есебі туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №13-3-VIII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бородулиха аудандық мәслихат

төрағасының есебі туралы

 

 

Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы С.Т. Урашеваның есебін тыңдап, талқылағаннан кейін Бородулиха аудандық мәслихаты аудандық мәслихатының жұмысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Бородулиха аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының депутаттары өздерінің өкілеттілігін атқару барысында 2023 жылдан бастап барлығы 12 сессия өткізді, cоның ішінде – 3-кезекті және 9-кезектен тыс. 94  шешім қабылданды. Құқықтық нормаларды белгілейтін сессиялардың 8 шешімі әділет органдарында тіркелген. Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 51 шешім жарияланды. 

Аудандық мәслихатта үш тұрақты комиссия құрылған, олардың қызметі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Есептік мерзімде барлығы тұрақты комиссиялардың 13 отырысы өткізіліп, 76 мәселе қаралды.

Аудандық мәслихат депутаттары халықпен жұмыс істеуге көп көңіл бөледі. Азаматтарды қабылдау кестесі әзірленіп, «Жаңа уақыт – Новое время» аудандық газетінде жарияланған, Бородулиха аудандық мәслихатының ресми сайтында орналастырылды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Бородулиха  аудандық  мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы С.Т. Урашеваның есебі назарға алынсын.
  2. Аудандық мәслихат төрағасы С.Т. Урашеваға:

1) депутаттардың мәслихат сессияларында, тұрақты комиссияларда, сайлау округтеріндегі халықпен байланысын нығайтуда белсенділігін арттыру бойынша;

2) аудандық мәслихаттың қабылдайтын шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының орындалуына бақылау жүйесін жетілдіру бойынша;

3) мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимылда сессияға шешімдердің жобаларын сапалы дайындауды жүзеге асыру бойынша;

4) жұмыс әдістерін жетілдіру, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін және олардың тапсырылған жұмыс учаскесі үшін дербес жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылсын.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                         С. Урашева

 

Дата публикации
10 января 2024