2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2-VIII шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5117267 мың теңге, соның ішінде:

салық түсімдері – 2570509 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 7878 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 2538880 мың теңге;

2) шығындар – 5117267 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 44955 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 107068 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 61113 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 44955 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                44955 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 107068 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 62113 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/80-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен бекітілген, 2024 жылға аудан бюджетіне әлеуметтік салық 60%, төлем көзінен салық салынатын кірістерден жеке табыс салығы 62%, төлем көзінен салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетел азаматтарының кірістерінен жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы 100 пайыз мөлшерінде нормативтерді орындауға қабылдансын.
  2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2024 жылға арналған резерві 51567 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2024 жылға арналған аудан бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қою көлемі 416568 мың теңге сомасында ескерілсін.
  4. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерге берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 514632 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде:

Андреевка ауылдық округіне

33182 мың теңге;

Бақы ауылдық округіне

23000 мың теңге;

Белағаш ауылдық округіне

18674 мың теңге;

Бородулиха ауылдық округіне

32312 мың теңге;

Дмитриевка ауылдық округіне

21372 мың теңге;

Жезкент кенттік округіне

34932 мың теңге;

Жерновка ауылдық округіне

21505 мың теңге;

Зубаир ауылдық округіне

21799 мың теңге;

Құнарлы ауылдық округіне

25319 мың теңге;

Красный Яр ауылдық округіне

27138 мың теңге;

Новодворовка ауылдық округіне

32900 мың теңге;

Новошульба ауылдық округіне

60879 мың теңге;

Новопокровка ауылдық округіне

43635 мың теңге;

Переменовка ауылдық округіне

27280 мың теңге;

Петропавловка ауылдық округіне

22740 мың теңге;

Подборный ауылдық округіне

20237 мың теңге;

Степной ауылдық округіне

22080 мың теңге;

Таврия ауылдық округіне

25648 мың теңге.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу 49340 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2088188 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

Облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне 2024 жылға арналған нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 28797 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен 64447 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

Республикалық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне 2024 жылға арналған нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 357448 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
  2. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 107068 мың теңге сомасында кредиттер көзделсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                     С. Урашева

Дата публикации
10 января 2024