Бородулиха аудандық мәслихатының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 13-6-VIII шешіміне
қосымша
Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары
I тоқсан
- Бородулиха аудандық бюджетінің 2023 жылға атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.
Баяндамашы: Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі.
- 2023 жылғы Бородулиха ауданының жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: Абай облысы бойынша Тексеру комиссиясының өкілі.
- Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы 2023 жылғы есептерді бекіту туралы.
Баяндамашылар: Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округ әкімдері.
- Бородулиха ауданының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы.
Баяндамашы: Сүлейменов Ержан Серікжанұлы - Абай облысы Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
- Бородулиха ауданының мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі тамақтану сапасы туралы.
Баяндамашы: «Абай облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.
II тоқсан
- Бородулиха ауданы әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
Баяндамашы: Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі.
- Бородулиха ауданының автомобиль жолдарының техникалық жай-күйі, күтіп-ұстау және жөндеу туралы.
Баяндамашы: Қонорбаев Эльдар Төлегенұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
- Бородулиха ауданы бойынша жер учаскелерін түгендеу және ұтымды пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстар туралы.
Баяндамашы: Мусин Жасұлан Амангелдіұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха ауданында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Баяндамашы: Сүлейменов Ержан Серікжанұлы - Абай облысы Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, кәсіпкерлік, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Апенов Кималидин Сағалбайұлы - депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
III тоқсан
- 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен жабдықтаушы ұйымдарды, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді даярлау қорытындылары туралы.
Баяндамашы: Қонорбаев Эльдар Төлегенұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха ауданындағы мал шаруашылығы саласы мен агроөнеркәсіптік кешен саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
Баяндамашы: Нұркешев Марат Аждарұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
- 2024 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті бюджетке салықтар мен міндетті төлемдерді жинау жөніндегі ақпарат.
Баяндамашы: Бородулиха ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
- Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету туралы, көрсетілетін қызметтердің оңтайлы көлемі.
Баяндамашы: Байболова Альмира Қадырбайқызы – «Абай облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.
- Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Кудушев Айтуған Ғабдулгазизұлы – депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
IV квартал
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
Баяндамашы: Ахметжанов Қайрат Базарханұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.
- Бородулиха аудандық мәслихаты төрағасының есебі.
Баяндамашы: Урашева Сәуле Тұрсынқызы – Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы.
- Абай облысының Бородулиха ауданының 2024-2028 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат.
Баяндамашы: Ахметжанов Қайрат Базарханұлы – «Абай облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.
- Депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы есеп.
Баяндамашы: Мокроусова Виктория Анатольевна - депутат, тұрақты комиссияның төрағасы.
- Бородулиха аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.