«Бородулиха ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

Бородулиха аудандық мәслихатының

2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-12-VIII шешімі

 

«Бородулиха ауданының

Құрметті азаматы» атағын

беру туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының                  12-1-тармағына және Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/58-VII «Абай облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы»  атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30658 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, еңбекке мінсіз көзқарасы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін келесі азаматтарға «Бородулиха ауданының Құрметті азаматы» атағы берілсін, төсбелгілер  мен куәліктер берілсін:

         - Антонов Владимир Тихоновичке;

- Бимурзин Ерғали Байдрахманұлына;

         - Ковязин Юрий Геннадьевичке;

- Құрманбаев Рамазан Әзімханұлына;

- Оразаев Талғат Айтқазыұлына.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                                           С. Урашева

Дата публикации
26 декабря 2023