Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-2-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 4909324,8 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 2345227 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 38172 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 7302 мың теңге; трансферттер түсімі – 2518623,8 мың теңге; 2) шығындар – 5106042,9 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 11320 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 67275 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 55955 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 208038,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 208038,1 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі – 67275 мың теңге; қарыздарды өтеу – 55955 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 196718,1 мың теңге.»; 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 47813 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 2037237,4 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.»; 8-1 тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «8-1) 2023 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 42540,7 мың теңге сомасында көзделсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Председатель
районного маслихата С. Урашева