Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-15-VII «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Бородулиха аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Бородулиха ауданы Переменовка ауылдық округінің бюджеті туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26-15-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. 2023-2025 жылдарға арналған Переменовка ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 46959 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 8811 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0 теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 40 мың теңге; трансферттер түсімі – 38108 мың теңге; 2) шығындар – 48642,2 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1683,2 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1683,2 мың теңге, соның ішінде: бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1683,2 мың теңге.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Переменовка ауылдық округінің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 700 мың теңге сомасында көзделсін.»; осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихат төрағасы                                                С. Урашева

Дата публикации
13 октября 2023